Анықтама
2019 жылы 13-14 қыркүйекте өткізілген "трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері" Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 2019 жылға арналған ғылыми-практикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы қан орталығының 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2019 жылы 13-14 қыркүйекте Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясының "Достық үйі" КММ-де "Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға трансфузиология саласындағы сарапшылар, Қазақстанның ғылыми - зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдарының басшылары, мемлекеттік және коммерциялық Денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, оның ішінде ТМД елдерінен: Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген шетелдік қонақтар қатысты. 2019 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының "Аймақтық коммуникация қызметі" ақпараттық алаңында "Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері" тақырыбында брифинг өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы", "Еуразиялық медициналық қауымдастығы" нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі, Жамбыл облыстық қан орталығы.
Конференция барысында келесі мәселелер көтерілді: қан компоненттерін дайындау; донорлық қанды тестілеу; гемотрансфузиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; дәлелдемелерге негізделген донорлық қан компоненттерін қолдану; қан қызметіндегі процестерді ақпараттандыру; қан жүйесінің онкологиялық аурулары кезінде дің жасушаларын трансплантациялауда пайдаланылатын донорлық тіркелімді құру және жүргізу.
Конференцияда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дауылбаев Еркебұлан Әбілханұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жұманқұлов Марат Сейтбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, облыстық қан орталығының барлық қызметкерлерінің еңбегін атап өтіп, трансфузиялық медицинаның дамуына үміт білдірді.
Қазақстан Республикасының "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы" ЖШС басқарма төрағасы Бүркітбаев Жандос Қонысұлы осындай кездесудің маңыздылығы туралы айтып, осы бағытта жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру қажет екендігі туралы мәлімдеді.
Баяндама түрінде қан қызметін дамыту тәжірибесімен Ресей трансфузиологтар қауымдастығы кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген рационализаторы, РҒА академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, "Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталықтың" ФГБУ Трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының меңгерушісі Е. Б. Жибурт "Трансфузиологиядағы Жаңа" тақырыбында баяндама оқыды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қан қызметінің деңгейі жоғары екеніне айрықша тоқталды.
"Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК директоры - С. А. Абдрахманова "ҚР қан қызметінің жағдайы мен қазіргі бағыттары" жайлы баяндамасын таныстырды. Мемлекет Трансфузиология мәселелеріне көп көңіл бөлетінін атап өтті.
"Жамбыл облыстық қан орталығы" директоры - Г. М. Умаров "Жамбыл облысы қан қызметінің жұмыс тәжірибесі және дамуы" туралы баяндамасын жеткізді. Жиында 30-дан астам баяндама айтылды. Бірқатар баяндамалар донорлық қан компоненттерін практикада клиникалық қолдану қауіпсіздігіне арналды. Қан компоненттерін дайындау, донорлық қанды тестілеу, донорлық тізілім және қан жүйесінің онкологиялық аурулары кезінде дің жасушаларын трансплантациялау сияқты маңызды тақырыптар қозғалды. Қан компоненттерін дайындау, донорлық қанды тестілеу, донорлық тізілім және қан жүйесінің онкологиялық аурулары кезінде дің жасушаларын трансплантациялау сияқты маңызды тақырыптар қозғалды. Республикалық конференцияға Қазақстанның әр өңірінен және ТМД-ның 6 елінен 140-тан астам өкілі қатыса отырып, өздерінің жаңалықтарын, тәжірибе алмасып және бүгінгі күні бар донорлықтың өткір мәселелерін талқылады. Салтанатты іс-шара барысында Ресей трансфузиологтар Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген рационализаторы, РҒА академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, "Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығы" ФГБУ Трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының меңгерушісі Е. Б. Жибурт қан орталығының директорлары С. А. Рахымбердиевке, С. А. Таукеловқа және Г. М. Умаров мырзаларға қан қызметін дамытуға қосқан зор үлесі үшін грамоталар тапсырды.
"Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК директоры С.А.Абдрахманова: М.Т. Солтановты, К. Ж. Садвакасов мырзаларды өтеусіз қан донорлығын дамытуда қол жеткізген жетістіктері үшін құрмет грамоталарымен марапаттады.
Конференцияға қатысушылар клиникалық және өндірістік трансфузиологиядағы жаңа аспектілер, сондай-ақ Тараз қаласында қан құю тарихының қалыптасу кезеңдерімен танысты. Жамбыл облысының қан орталығына қатысты трансфузиологияның өзекті мәселелері талқыланды, Жамбыл облысындағы трансфузиологияның жағдайы, мүмкіндіктері, даму болашағы талданды. Конференциямен қатар ірі медициналық көрме өтті. Көрмеге медициналық кәсіби жабдықтарды, трансфузиология саласындағы аппараттарды, түрлі мақсаттағы медициналық бұйымдарды көрсету үшін өндірушілер мен жеткізушілер қатысты.
Іс-шара барысында үш бағыт бойынша секция жұмысы қарастырылды: клиникалық трансфузиология, өндірістік трансфузиология бойынша өзекті мәселелер және трансфузиялық медицинадағы зертханалық диагностика.
Конференция республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Конференция туралы 20-дан астам материал шығып, соның ішінде теледидар, баспа басылымдары мен әлеуметтік желілерде шығарылды.
Конференция қатысушылары Жамбыл облыстық қан орталығына барып, техникалық жарақтармен таныса отырып, түрлі қызмет бағыттары бойынша тәжірибе алмасты және жалпы орталық пен әрбір бөлімшенің жұмыс деңгейіне жоғары баға берді.
Конференцияның аяқталу нәтижесі бойынша қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысу мүмкіндігі үшін үлкен алғыстарын білдірді, біріншіден, бұл ТМД елдерінің (Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан) әріптестерімен кездесу және қарым-қатынасы, екіншіден, конференцияның барлық қатысушылары өз қызметінің нәтижелерімен, өтеусіз донорлықты дамыту мен жетілдіруге ғылыми көзқарастарымен бөлісті. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан Республикасының қан қызметі Еуропа елдерінен келген әріптестеріне жол бермей, өз дамуында әсерлі нәтижелерге қол жеткізді.