01.08.2025
13:13

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
27

Бас дәрігер

 Өмірбаян

Гулам Мухтарович  Умаров Жамбыл облысы, Тараз қаласында 1975 жылғы 3 сәуірде дүниеге келген. Чернышевский атындағы орта мектепте оқыған. Еңбек жолын 1990 - 1992 жылдары Жедел жәрдем ауруханасының реанимация бөлімінде санитар болып бастаған.
1992 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтына түсіп, оны 1998 жылы тәмамдаған. Содан кейін Тараз қаласындағы Жедел жәрдем ауруханасында интернатурадан өтіп, хирург дәрігер болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар, 2000 - 2005 жылдар аралығында ЖООД - да хирург дәрігер және «Доктор Пан Ю.В.» жеке клиникасында бөлім меңгерушісі қызметтерін қатар атқарған.

2009 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «№2 қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бас дәрігердің ұйымдастыру - әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары болып қызмет еткен.
2012 жылғы желтоқсаннан бастап экономикалық мәселелер бойынша бас дәрігердің орынбасары болды.
2017 жылғы мамырдан бастап Жамбыл облыстық қан орталығының директоры қызметін атқаруда.

2008 жылы АҚШ - тың Солтүстік Каролина штатында «Қоғамдық ұйымдар мен кәсіби бірлестіктердің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында оқудан өткен.
2010 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ - ды менеджмент бакалавры дәрежесімен бітірген.
2014 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық - техникалық университетін экономика магистрі дәрежесімен аяқтаған.
2019 жылы Алматыдағы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ды қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

Саяси  қызметі:
2021 жылдан бастап облыстық мәслихат депутаты, облыстық мәслихаттың қоғамдық тәртіп, әлеуметтік - мәдени сала, гендерлік саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы.
2021 жылдан бастап «Amanat» партиясының Жамбыл облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.
2017 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының кадрлық резервіне енген.
2016 жылдан бастап «Nur Оtаn» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Денсаулық сақтау» бағытындағы комиссияның өңірлік кураторы.
2013 жылы Астанадағы «Nur Оtаn» партиясының Саяси басқару мектебін бітірген.
2014 - 2016 жылдары «Nur Оtаn» партиясының «50 жаңа тұлға» жобасының қатысушысы.
2007 - 2012 жылдары Тараз қалалық мәслихатының IV, V шақырылым депутаты (заңдылық, әлеуметтік сала, гендерлік және жастар саясаты комиссиясы төрағасының  орынбасары).
2007 жылдан бері «Nur Оtаn» партиясының мүшесі, «Nur Оtаn» партиясы Жамбыл облыстық филиалы  саяси кеңесінің мүшесі.

Марапаттары:

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты - 2022 жыл;

«Ерен еңбегі үшін» медалі - 2021 жыл;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Алғыс хаты - 2021 жыл;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Алғыс хаты - 2020 жыл;

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі - 2020 жыл;

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты - 2019 жыл;

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі - 2019 жыл;

«Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі - 2019 жыл;

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі - 2018 жыл;

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты - 2018 жыл;

«Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі - 2016 жыл;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Алғыс хаты - 2016 жыл;

«Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі - 2015 жыл;

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А. Мырзахметовтің Алғыс хаты - 2015 жыл;

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі - 2015 жыл;

«Nur Otan» партиясы Төрағасының  Бірінші орынбасары Б. Сагинтаевтың Алғыс хаты - 2012 жыл.

 

 

 

 

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе