28.09.2020
03:27

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

17 Қараша 2018
469

 Донорға арналған жадынама

 

Қан тапсырар алдында не істеу керек:

  • Қан тапсырар алдында тұрақты және байланысты тамақтаныңыз.
  • Арнайы диетаны сақтаңыз.
  • Сұйықтықты көп мөлшерде ішіңіз.
  • Процедура алдында 72 сағат (3 кун) бұрын ішімдік ішуге болмайды.
  • Процедура алдында 72 сағат (3 кун) бұрын аспирин, анальгин және құрамында аспирин, анальгетиктер бар дәрі-дәрмектерді ішуге болмайды.
  • Процедурадан 3 сағат бұрын темекі шегуден бас тартыныз.
  • Міндетті түрде ұйқыңызды қандырыңыз.

Қан тапсырар алдында қалай тамақтану керек:

  • Қарсаңында рационнан майлы, қуырылған, ащы, қақталған тағамдарды, сүт тағамдарын, ірімшік, жұмыртқа, пісте (семечки), халва, пияз, сарымсақ, қызыл қызылша, майонез, кетчуп, шұжық тағамдары, газдалған сусындар, жаңғақ, майды алып тастаңыз.
  • Ұсынылатыны - тәтті шәй, балқайнатпа, нан, кептірілген нан, сушки, қайнатылған жарма, суға майсыз қайнатылған макарон, шырындар, компот, минералды су, көкөністер, жемістер (бананнан, құрмадан басқасы).
  • Егерде сіз тромбоциттер немесе плазма тапсырсаңыз бұл талаптарды сақтау маңызды.
  • Бұл талаптарды елемеу сіздің қанның сепарациясын сапалы жүргізуіне

(қажетті компоненттерді алуға) және қан тапсыруға мүмкіндік бермейді.


Қан тапсыру кезінде не істеу керек:


Қан тапсыру орталығына азанда келу керек (донорларда қабылдау уақыты 9;00 -13;00-ге дейін). Өзіңізбен бірге куәлігіңізді, әскери қызметкерлер- әскери билетін алып келіңіз. Барлық процедура шамамен бір сағат уақытыңызды алады.


Қан тапсырғаннан кейін не істеу керек.

  • 10-15 минуттай отырыңыз.
  • Егерде сіздің басыңыз айналып, күшсіздік пайда болса – медициналық қызметкерге аразданыңыз (ең қарапайым шешім – аяғыңызды жоғары
  • көтеріп жату).
  • 1 сағаттай темекі шегуден тартыныңыз.
  • Бір тәулік бойы сұйықтықты көп мөлшерде ішіңіз.
  • Таңғышты 3-4 сағаттай шешпеңіз, суламаңыз.
  • Бір тәулік бойы ауыр жұмыстарды істеуден тартыныңыз.
  • Автокөлікті жүргізуден тартыныңыз, мүмкін болмаса өте сақ болыңыз.
  • Бір тәулік бойын ішімдік ішуден тартыныңыз.
  • Қан тапсырғаннан кейін 10 тәуліктен кейін екпе жүргізуге рұқсат беріледі.

                            
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: донациядан  4 айдан кейін (қан тапсыру) қайтадан қан орталығына келіп анализ тапсыру керек («жасырынды» инфекцияларды анықтау мақсатында)  т.54-47-23

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе