Донорларды қолдау және ішкі аудит қызметі - бұл денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде медициналық қызмет көрсету сапасын басқару бойынша қызмет атқаратын құрылымдық бөлімше.
Қызметтің мақсаты - донорлардың шағымдарын «осында» және «қазір» қағидаты бойынша жедел шешу, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жүйелі түрде талдау және жақсарту.
Жауапты тұлға: Қосбақова Гаухар Жандарбекқызы - сапа менеджменті және ішкі аудит бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы.
Егер Сіз:
- көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбасаңыз;
- медицина қызметкері тарапынан дөрекі қарым - қатынасқа тап болсаңыз;
- медицина қызметкерінің тегін көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмек аясындағы қызметтер үшін ақша талап ету фактілерін байқаған болсаңыз;
- сондай-ақ медициналық көмекті көрсету тәртібі мен сапасына байланысты өзге де мәселелерге тап болсаңыз,
донорларды қолдау және ішкі аудит қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Донорларды қолдау және ішкі аудит қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап шығып, 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей оның нәтижелері бойынша Сізге ақпарат ұсынады.
Біз ұйымымыздың қызмет көрсету деңгейі мен сапасын арттыруға көмектесетін өтініштеріңізге, пікірлеріңізге және ұсыныстарыңызға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
- Өтініш немесе шағымды жазбаша түрде жазып, тіркеу бөлімі жанында, бірінші қабатта орналасқан «Сенім жәшігіне» салуыңызға болады.
• Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің Call-орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызға болады:
8 (707) 060 86 42a