06.11.2026
23:03

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
05 Қараша 2026
2

Салауатты өмір салты — денсаулық пен ұзақ өмірдің кепілі!

Салауатты өмір салты (СӨС) — өз денсаулығыңа қамқорлық жасау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін сақтау, жеткілікті ұйықтау және зиянды әдеттерден бас тарту. Пайдалы әдеттер ағзаны нығайтып, күш-қуатты сақтауға және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
Денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі — қан донорлығы. Қан тапсыру арқылы біз көмекке мұқтаж адамдарға үміт сыйлаймыз. Донорлық қан операция кезінде, ауыр жарақаттардан кейін және түрлі ауруларды емдеу барысында науқастардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
Қан орталығы әрбір адамды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және өзгелерге бейжай қарамауға шақырады. Егер қан тапсыруға медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса және мамандар рұқсат берсе, донор болып, адам өмірін сақтауға өз үлесіңізді қосыңыз!
Есіңізде болсын: өзіңізге қамқорлық жасау — болашағыңызға қамқорлық жасау, ал донорлық — мейірімділік пен адамгершіліктің белгісі.
Деніңіз сау болсын және бізбен бірге өмір сыйлаңыз!

 

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе