05.11.2026
16:14

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
05 Қараша 2026
3

Қан – адам ағзасында табиғат сыйлаған ең асыл құндылықтардың бірі

Қан – адам ағзасында табиғат сыйлаған ең асыл құндылықтардың бірі. Оның жасанды баламасы жоқ. Сондықтан қанға мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету - әрбір саналы азаматтың азаматтық борышы. Донор болу - бұл тек қана игі іс емес, бұл адам өмірін сақтап қалуға бағытталған үлкен жауапкершілік пен жүректен шыққан жанашырлық.
Осы орайда, Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі кезекті рет қоғамға үлгі боларлық ізгі бастаманың көшін бастап отыр. Мектеп ұжымы ұйымшылдықпен бірігіп, қан тапсыру акциясына белсенді түрде қатысып, мұқтаж жандарға үміт сыйлады.
Мектеп ұстаздары мен қызметкерлерінің мұндай игі іске бірігуі білім ордасының рухани-адамгершілік құндылықтарды басты орынға қоятынын көрсетеді. Бұл ұжым тек оқушыға сапалы білім мен тәрбиені ғана емес, өз өнегесімен өмірлік құндылықтарды да үйретіп жүрген нағыз зияткер жандардың мекені.
Аталған бастамаға ұйытқы болған мектеп директоры Гүлнұр Мақсұтқызына, ұйымдастырушы Жанар Айдарбекқызына және барша донорларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Әрбір тамшы қан- бір ғұмырға берілген мүмкіндік. Осындай жүрек жылуын тарата алатын жандар арамызда көп болсын!

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе