30.10.2026
13:42

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
28 Қазан 2026
3

Қан компоненттерін вирусинактивациялау

Қан компоненттерін вирусинактивациялау — донорлық қаннан алынған компоненттердегі вирустардың белсенділігін арнайы әдістер арқылы жоюға немесе төмендеуге бағытталған заманауи технология.
Жамбыл облыстық қан орталығында вирусинактивацияның 2 технологиясы қолданылады INTERCEPT(АҚШ) және Mirasol(АҚШ). Бұл технологияларды қолдану қан компоненттерінің қауіпсіздігін артыруға және трансфузиологиялық инфекциялардың берілу қаупін азайтуға ықпал етеді.
Вирусинактивацияның негізгі артықшылықтары:
- қан құю арқылы инфекция берілу қаупін төмендетеді
- қан компонентерінің қауіпсіздігін азайтады
- вирустардың белсенділігін жоюға мүмкіндік береді
- трансфузиялық медицинаның заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
Вирусинактивация донорлық қанды зертханалық тексеруді алмастырмайды. Ол кан компоненттерін дайындау, сақтау және қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын толықтыратын қосымша әдіс болып табылады.
Қазіргі танда қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасы ету үшін донорларды мұқият іріктеу, инфекциялық маркерлерге зертханалық скрининг жүргізу, қан компонентерін дұрыс сақтау жене қажет болған жағдайды вирусинактивация технологияларын қолдану кешенді түрде жүзеге асырылады.
Қорытынды: вирусинактивация — трансфузиялық инфекциялардың алдын алуға бағытталған маңызды технологиялардың бірі. Бұл технологияны қолдану қан құюдың қауіпсіздігін арттырып, пациенттердің денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе