15.10.2026
11:58

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
14 Қазан 2026
3

Жамбыл облыстық қан орталығы

Жуырда Тараз қаласында, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасында «Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, трансфузиологияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – кәсіби тәжірибе алмасу, қан қызметін ұйымдастыру мен дамытудың заманауи тәсілдерін, трансфузиялық терапияның қауіпсіздігін арттыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, донорлық қан компоненттерін клиникалық қолдануды жетілдіру.
Басқосуды Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек құттықтау сөзбен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Ал жиынды Жамбыл облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров жүргізді.
Айта кету керек, халықаралық конференцияға медицина ғылымдарының докторы, Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығының трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының профессоры Сергей Русланович Мадзаев (Мәскеу қаласы), сондай-ақ Санкт-Петербург, Астана қалалары мен Жамбыл облысының мамандары шақырылды.Жиын барысында иммуногематологиялық зерттеулерді дамытуға, автоматты иммуногематологиялық анализатор IH-500-ді пайдалана отырып, автоматтандырылған технологияларды енгізуге, сондай-ақ зертханалық диагностиканың сапасын, дәлдігін және қауіпсіздігін арттыруға баса назар аударылды.
Сонымен қатар трансфузиология және иммуногематология саласын дамытудың өзекті бағыттары талқыланды. Бұл тұрғыда медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, қан компоненттерімен қамтамасыз ету және олардың қорларын басқару, қан компоненттерін клиникалық қолдану; жүкті әйелдерді скринингтен өткізуді ұйымдастыру және жүргізу сияқты маңызды мәселелерге жіті көңіл бөлінді.
Конференцияға қатысушылар қан қызметін одан әрі жетілдіруге, трансфузиялық терапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға және медициналық ұйымдардың қызметіне заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған озық тәжірибелермен танысып, ой-пікір алмасты.

 

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе