Бүгінде мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның нәтижесінде қызмет көрсету сапасы да артты. Бұл тұрғыда Тараз қаласында орналасқан «ZHANUYA» емханасы да көптің алғысына кенеліп келе жатқан медицина мекемелерінің бірі. Емхана соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып, заман талабына сай қызмет көрсетуде. Мұның бәрі де дертіне дауа іздеген жандарға демеу болу үшін жасалып жатқан ілкімді істер.
Бүгін «ZHANUYA» емханасының ұжымы Жамбыл облыстық қан орталығына арнайы келіп, донорлар қатарынан табылды. Қарбалас жұмыстан уақыт тауып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға келген әріптесіміздің қолдауы көпке үлгі-өнеге. Осы орайда емхананың бас дәрігері Бота Болатқызына және ұйымдастырушы Сервера Абдуманапқызына зор алғысымызды білдіреміз.









