Қазіргі таңда мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның нәтижесінде қызмет көрсету сапасы да артты. Бұл тұрғыда Тараз қаласында орналасқан облыстық перинатальдық орталығы да көптің алғысына кенеліп келе жатқан медицина мекемелерінің бірі. Орталық соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып, заман талабына сай қызмет көрсетуде. Мұның бәрі де ана мен баланың денсаулығын жақсартуға бағытталып жатқан ілкімді істер.
Бүгін облыстық перинатальдық орталығының ұжымы Жамбыл облыстық қан орталығына арнайы келіп, донорлар қатарынан табылды. Қарбалас жұмыстан уақыт тауып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға келген әріптестеріміздің қолдауы көпке үлгі-өнеге. Осы орайда өз қызметтерін асқақ жауапкершілікпен атқарып жүрген ақ желеңді абзал жандарға зор алғысымызды білдіреміз









