️Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі ниет. Ал өзгенің өмірін сақтап қалуға үлес қосу – үлкен адамгершіліктің белгісі. Осы орайда Жамбыл облыстық қан орталығына жалынды жастардың да көптеп келе бастағаны қуантады.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері мекемемізге арнайы ат басын бұрып, донорлардың қатарынан табылды. Бұл әрине, жақсы үрдіс. Өйткені, колледждің бүгінгі студенттері ертең медицина маманы атанатындығы белгілі. ️️ Ал медицина маманының ең басты миссиясы – адамға көмектесу. ️
Бұл тұрғыда студенттер әрі өздері оқып отырған мамандықтың қыр-сырымен танысуға мүмкіндік алды, әрі қан тапсырып, ізгілікті амалға өз үлестерін қосты.
Осы орайда жастарды жақсы ниетке жұмылдыра білген колледж басшылығына және болашақ әріптестерімізге зор алғысымызды білдіреміз. ️









