18.09.2026
02:35

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
18 Қыркүйек 2026
6

Өңірдің медициналық ұйымдарының акушер-гинеколог дәрігерлеріне арналған онлайн-семинар өткізілді

Өңірдің медициналық ұйымдарының акушер-гинеколог дәрігерлеріне арналған онлайн-семинар өткізілді
2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 14:00-де Жамбыл облыстық қан орталығы өңірдің медициналық ұйымдарының акушер-гинеколог дәрігерлеріне арналған «Zoom» платформасында онлайн-семинар өткізді.
Семинардың тақырыбы:
«Жүкті әйелдерде антиэритроцитарлық антиденелерді скринингтеу».
Семинар Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.С. Назарбектің 2026 жылғы 2 маусымдағы №159-ө «Фертильді жастағы әйелдерге, жүкті және босанған әйелдерге иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу туралы» бұйрығын іске асыру аясында өткізілді.
Аталған бұйрыққа сәйкес медициналық ұйымдар мен Жамбыл облыстық қан орталығына қауіп тобына жататын жүкті әйелдерді иммуногематологиялық тексеруді ұйымдастыру және жүргізу бойынша тиісті міндеттер айқындалған.
Семинар барысында Жамбыл облыстық қан орталығының келесі бағыттар бойынша жұмысына ерекше назар аударылды:
Қауіп тобына жататын жүкті әйелдерге иммуногематологиялық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
Иммуногематологиялық зертханалық зерттеулер нәтижелеріне ай сайын талдау жүргізу;
Жүкті әйелдердің тиісті тексеруге уақтылы жолдануын бақылау.
Семинар барысында мамандар антиэритроцитарлық антиденелерді скринингтеуді ұйымдастыру тәртібін, қауіп тобына жататын жүкті әйелдерді уақтылы анықтау және оларды иммуногематологиялық зерттеуге жолдау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар қатысушыларға 2026 жылғы маусым, шілде және тамыз айларындағы жұмыс нәтижелері таныстырылып, өңірдің медициналық ұйымдары тарапынан жүкті әйелдерді иммуногематологиялық зерттеулерге жолдау жұмыстарына талдау жүргізілді.
Мамандарға бұйрық талаптарын сақтау және медициналық ұйымдар мен Жамбыл облыстық қан орталығы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.
Осындай оқыту семинарларын өткізу жүкті әйелдерді тексерудің сапасы мен уақтылығын арттыруға, ықтимал иммуногематологиялық асқынулардың алдын алуға және ана мен бала үшін қауіптерді төмендетуге бағытталған.
Антиэритроцитарлық антиденелерді уақтылы анықтау және медициналық ұйымдар арасындағы нақты өзара іс-қимыл жүктілікті қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу үшін маңызды.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе