18 қыркүйек күні Дүниежүзілік сүйек кемігі донорлары күні аталып өтеді. Түсіне білген адам үшін бұл өте маңызды дата. Сондықтан да оған әлемнің көптеген елдері айрықша мән беріп келеді.
Сүйек кемігі – ағзадағы қан түзілу процесін қамтамасыз ететін ерекше ұлпа. Оның құрамындағы гемопоэздік дің жасушалары иммунитет жасушаларына, эритроциттерге және тромбоциттерге айнала алады.
Бүгін осынау маңызды күн қарсаңында Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев Жамбыл облыстық қан орталығына келіп, донорлық қозғалысқа өзіндік үлесін қосты. Азаматтық ұстанымды аңғартқан бұл іс патриоттық сезіммен де ұштасып жатқандығы сөзсіз.
Осы орайда біз жауапты қызметінен уақыт тауып, мекемемізге арнайы ат басын бұрған Олжас Елебекұлына дән ризашылығымызды білдіреміз.









