18.09.2026
02:27

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
18 Қыркүйек 2026
6

«Ел үшін туған ерлердің, алды-арты дария кең болар»

Халық даналығында «Ел үшін туған ерлердің, алды-арты дария кең болар» деген сөз бар.
Жамбыл облыстық қан орталығына келетін донорлардың қатарында үлкен жүректі азаматтар да аз емес. Сондай жомарт жандардың бірі де бірегейі – Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров десек, артық айтқанымыз емес.
Мұқаш Зұлқарнайұлы іргелі өндіріс ошағын басқарып тұрғанда да, Парламент қабырғасында қызмет атқарғанда да арнайы уақыт тауып, жақсылық жасауға асығатын. Еңбек Ері бүгін орталығымызға кезекті рет келіп, донорлардың бел ортасынан табылды.
Сонымен қатар бүгін мекемемізге Шымкент қаласындағы Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Жаратылыстану» факультетінің деканы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Аққоңыр Жылысбаева арнайы ат басын бұрды. Аққоңыр Нұрділлақызы да көппен бірге маңызды миссияға өзіндік үлесін қосып, ізгі ниетпен қан тапсырды.
Мұнан соң орталық директоры Гулам Умаров мәртебелі меймандарға медициналық зертхананың жұмысын таныстырып, жаңа технологиялардың тиімділігі туралы әңгімелеп берді.
Осы орайда біз парасаттылық пен патриоттықтың үлгісін көрсетіп, сауабы мол іске қол ұшын созған Мұқаш Зұлқарнайұлына және Аққоңыр Нұрділлақызына зор алғысымызды білдіреміз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе