Ерікті донорлық – ерлікпен пара-пар іс.
Өйткені біз қан тапсыру арқылы қаншама адамның үміт отын лаулатып, ертеңге деген сенімін нығайтамыз. Қиын жағдайға тап болған жандардың жанынан табылып, оларға қолдау көрсетеміз. Бұл – нағыз патриоттықтың көрінісі.
Осы орайда қайырымдылық пен қамқорлықтың қанатын кеңге жайып, күн сайын шынайы ниетпен мекемемізге келетін азаматтардың орны бөлек. Олардың қатарында ұжым болып тұрақты донорлар қатарынан көрініп келе жатқан мекемелер де баршылық.
Сондай әріптестеріміздің бірі әрі бірегейі – «Almaz Medical Group» ЖШС Жамбыл филиалы.
Бүгін филиал басшылығы мен мамандары кезекті рет сауапты іске сүбелі үлестерін қосты.
Осы орайда ақжарма көңілмен жақсылық жасауға асыққан донорларға, филиал басшысы Мирзакулова Ирисгуль Абдурашитовнаға, іс-шараны ұйымдастырушы Ревшенова Багдагуль Избасаровнаға зор алғысымызды білдіреміз.









