08.09.2026
15:00

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
08 Қыркүйек 2026
4

Донор болу — бұл өзгелерге көмек көрсету ғана емес

Мемлекет тарапынан донорлардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері
Донор болу — бұл өзгелерге көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік кепілдіктерге ие болу.
Қазақстан Республикасында жұмыс күні қан тапсырған донордың орташа жалақысы сақталады. Ал өтеусіз донорлық жасаған жағдайда орташа жалақысы сақтала отырып, қосымша бір күн демалыс беріледі. Бұл демалыс күнін донорлық жасаған күннен бастап бір жыл ішінде жыл сайынғы еңбек демалысына қосуға болады.
Қан тапсырған күні донорды түнгі ауысымға, үстеме жұмысқа, сондай-ақ ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарға тартуға болмайды.
Өтеусіз донорлық жасаған азаматтарға энергия шығындарының орнын толтыру мақсатында өтемақы төленеді. 2026 жылы оның мөлшері 0,25 АЕК құрайды.
40 рет өтеусіз қан және/немесе тромбоцит тапсырған немесе 70 рет өтеусіз плазма тапсырған азаматтар «Құрметті донор» төсбелгісімен марапатталады.
Өз құқықтарыңызды білу маңызды. Донорға қамқорлық жасау – елімізде донорлық мәдениетті дамытудың маңызды бөлігі.

 

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе