19.08.2026
15:56

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
18 Тамыз 2026
46

Болашақ аналардың денсаулығының кепілі – уақытылы зертханалық диагностика

Болашақ аналардың денсаулығының кепілі – уақытылы зертханалық диагностика

Жүктілік кезеңінде ана мен бала денсаулығын қорғауда зертханалық тексерулердің маңызы зор. Әсіресе қан тобы, резус-фактор және антиденелерді уақытылы анықтау жүктілік барысын бақылауда маңызды рөл атқарады.

Осы бағыттағы жұмыстар облыстық қан орталығының иммуногематологиялық зертханасында жүргізіледі. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Айжан Терлікбаева зертхананың жұмысымен танысып, жүргізіліп жатқан зерттеулердің ұйымдастырылуын көрді.

Зертханада қауіп тобына жататын жүкті әйелдердің қан тобы мен резус-факторы анықталып, эритроциттерге қарсы антиденелер тексеріледі. Сондай-ақ тікелей және жанама Кумбс сынамалары жүргізіледі.

Зерттеу жұмыстары заманауи автоматтандырылған Ortho Vision және Octo m құрылғылары арқылы орындалады. Зертхана 2024 жылы зертханалық медицинаға қойылатын халықаралық ISO 15189 стандарты бойынша аккредиттеуден өткен.

Мұндай тексерулердің басты мақсаты – иммуногематологиялық қауіптерді мүмкіндігінше ерте анықтап, жүкті әйелге қажетті медициналық бақылауды уақытылы ұйымдастыру.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе