«Қазфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» зауытында Жамбыл облыстық қан орталығының жылжымалы донорлық акциясы өтті.
Өндірістегі жауапты еңбекті адам өміріне деген жанашырлықпен ұштастырған зауыт ұжымы бұл игі бастамаға белсене қатысып, жоғары азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Әрбір тапсырылған қан – науқастарға үміт сыйлап, талай адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Осындай сауапты іске атсалысқан әрбір донордың жанашырлығы мен мейірімі ерекше құрметке лайық.
Акцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына зор үлес қосқан жауапты маман Шахноза Таиржановна Маралбаеваға, сондай-ақ қан тапсырып, донорлық қозғалысты қолдаған «Минералды тыңайтқыштар» зауытының барлық қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз көптеген адамға өмір сыйлайды.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2646-mineraldy-ty-ajt-yshtar-zauytynda-zhylzhymaly-donorly-aktsiya-tti.html#sigFreeId24e6b23a71








