Адам өміріне араша болу – басты міндет!
Біреудің өмірін сақтап қалу үшін міндетті түрде батыр болу шарт емес, жай ғана донор болу жеткілікті. Тамырдағы қан – өмірдің қайнар көзі болса, оны мұқтаж жандарға сыйлау – ең үлкен сауап.
Бүгін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері ізгі істің алдыңғы шебінен табылды. Мекеме қызметкерлері денсаулық сақтау саласының мамандары ретінде тек емдеумен ғана шектелмей, өздерінің азаматтық белсенділігі мен жанашырлық қасиеттерін іс жүзінде дәлелдеп берді.
Жүрегі мейірімге толы донорлардың бұл қадамы — өзгелерге үлкен өнеге, қоғамға үміт сыйлайтын жарқын үлгі.
Осындай игі шараға ұйытқы болып, ұжымды ізгі іске жұмылдырған орталықтың бас дәрігері Жетібаев Серік Дүйсенәліұлына және ізгілік танытып, белсенді түрде қан тапсырған орталықтың барша қызметкерлеріне терең алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жана берсін!









