23.07.2026
05:16

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
21 Шілде 2026
7

Донацияға дайындық

Донацияға дейін 72 сағат бұрын өзіңізді жайсыз сезінбеуіңіз керек, сондай-ақ құрамында анальгетиктер мен қабынуға қарсы препараттар бар дәрілік заттарды қабылдамаңыз.

  • Процедураға дейін 48 сағат бұрын алкогольдік ішімдіктерді тұтынбаңыз.
  • Донация күні және оған дейінгі 24 сағат ішінде майлы, ащы, ысталған тағамдарды, сүт өнімдерін және жұмыртқаны тұтынбаңыз.
  • Таңертең жеңіл таңғы ас ішіңіз (тәтті шай, шырындар, компоттар, минералды су, нан, кептірілген нан, суға піскен ботқа, көкөністер мен жемістер). Ашқарынға қан тапсыруға келу ұсынылмайды.
  • Донацияға дейін 1 сағат бұрын темекі шегуден бас тартыңыз.
  • Қан тапсырардан 5–10 минут бұрын тәтті шай ішіңіз.
  • Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз (жөтел, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі), жедел немесе созылмалы ауруларыңыз болса, дәрі-дәрмек қабылдап жүрсеңіз, сондай-ақ қатты шаршаған жағдайда (шамадан тыс дене жүктемесінен кейін, түнгі жұмыстан кейін және т.б.) донацияға келмеңіз.
  • Донор өзіне белгілі барлық қазіргі немесе бұрын ауырған аурулары туралы, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттарды қолданғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде дәрігерге хабарлауы тиіс.
  • Донор болып табылатын қызметкер қан тапсырған күні жұмыс беруші тарапынан орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе