16.07.2026
03:14

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
16 Шілде 2026
3

Вирусты гепатиттер

Вирусты гепатиттер – (hepatitis virosa) бауыр зақымдалуымен жүретін жұқпалы аурулар. Жедел гепатитінің ауырлығы әр түрлі болады:симптомсыз және клиникалық көріністері әлсіз дамығаннан бастап, ауыр және қатерлі өліммен аяқталатын түрлерге дейін.Ол адамды өлімге әкелетін инфекциялардың қатарына жатады.

С гепатиті этилогиялық белгілері жағынан В гепатитке ұқсас болып келеді.Бірақ сарғыштануымен жүретін түрлері жеңілірек өтіп, клиникалық белгілері тез жойылады.С гепатиті көп жағдайда сарғыштану белгілерінсіз, субклиникалық және инаппарантты түрде өтеді.Алайда бұл аурудың 80-90% созылмалы түрде ауысса,20-30% бауыр циррозын тудырады.

С гепатитінің көзі тек қана ауру адам немесе вирус тасымалдаушы ғана бола алады.

• Берілу механизімі –парентеральды. Инфекция мынандай жолдармен таралуы мүмкін: стерильді емес инелермен инъекция жасағанда, гемодиализ кезінде, татуаж жасағанда, қан немесе оның препараттарын құйғанда, құлақ тескенде жыныстық қатынас кезінде, сонымен қатар сілекей арқылы және анадан- балаға парентальды жұғады. Қауіп –қатер тобына жататындар: нашақор, медицина қызметкерлер (инемен жұмыс жасайды) және донор қанының реципиенттері кіреді.

• В гепатитімен салыстырғанда, С гепатитінің ауру шақырушы дозасы анағұрлым көбірек болады.

HCV геномының ауыспалылығына байланысты, С гепатитімен ауырған адамдарда спецификалық иммунитет пайда болмайды, адамда қоздырғыштың әртүрлі субтиптерімен генотиптері ауру тудыруы мүмкін.

В гепатитіндегідей. Қазіргі кезге дейін вакцинасы жоқ.

Вирусты гепатитті халық арасында сары ауру деп атайды. Созылмалы вирустарға өте көп көңіл бөлу керек. Әсіресе, өздері ауырып, ана болуға дайындалатын қыз-келіншектер денсаулықтарын күтуі тиіс. Екпелерді уақытылы алып, скринингтен өтіп тұрған дұрыс. Сары ауруға немқұрайлы қарауға болмайды. Неге десеңіз, созылмалы вирусты гепатиттің соңы бауыр обырына айналуы мүмкін. Сондықтан сақтану керек.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе