“Құрметті донор” төсбелгісін алғаш болып 481 қазақстандық алады. Олар – белгіленген талаптарға толық сай келетін, тұрақты түрде қан тапсырып жүрген донорлар.
Үкімет қаулысына сәйкес, бұл ведомстволық төсбелгі Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз донорлық жасағаны үшін беріледі. Ол үшін:
Қанды және (немесе) тромбоцитті кемінде 40 рет;
Қан плазмасын кемінде 70 рет тапсыру қажет.









