№85395 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ДОНОРЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ!
Донорлық қан қорын толықтыру және өтеусіз донорлықты қолдау мақсатында Тараз қаласы Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы №85395 әскери бөлімінде кезекті жылжымалы донорлық акциясы ұйымдастырылды.
Тәуелсіз Қазақстанды нығайту мен дамыту ісінде Қарулы Күштер ерекше орын алады. Олар — ерлік, тәртіп пен Отанға адалдықтың айқын символы.
Әскери бөлімнің сарбаздары мен қызметкерлері бұл игі шараға бір кісідей атсалысып, жылжымалы донорлық акциясына белсенді қатысты. Бұл қадам олардың жоғары азаматтық жауапкершілігін және шынайы отансүйгіштігін көрсетіп, Отанға қызмет ету — тек шекараны қорғау ғана емес, сонымен қатар ел азаматтарының өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасау екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ел қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілердің донорлық қанға мұқтаж жандарды қолдауға уақыт табуы — ерекше құрметке лайық.
Осындай қайырымды іске үлкен қолдау білдірген №85395 әскери бөлімінің командирі, подполковник Сабыров Арман Сейловичке, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына тікелей атсалысқан аға лейтенант Батырхан Мәдиге және акцияға қатысып, қан тапсырған барша сарбаздар мен әскери қызметші-донорларға белсенді өмірлік ұстанымы, жанашырлығы және адам өмірін сақтауға қосқан зор үлесі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз!
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2597-skeri-b-liminde-zhylzhymaly-donorly-aktsiya-tti.html#sigFreeIdc01b477326








