Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Кейде бір ғана қан тапсырудың өзі бірнеше адамның тағдырына үміт сыйлап, олардың өмірін сақтап қалуға себеп болады.
Жамбыл облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы Жамбыл аудандық орталық ауруханасында болып, «Донор күні» акциясын өткізді.
Аурухана ұжымы бұл игі бастамаға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Әрбір тапсырылған қан – шұғыл көмекке мұқтаж науқастарға, күрделі ота жасалатын жандарға, қан ауруларымен күресіп жүрген балаларға және өзге де емделушілерге өмір сыйлайтын баға жетпес көмек.
Осындай қайырымды іске қолдау білдірген Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Қайыпберген Ақмарал Сағынтайқызына, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысқан Нұрмахан Досмұхамедұлына және акцияға қатысып, қан тапсырған барша медицина қызметкерлеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Донор болу – мейірімнің, жанашырлықтың және адам өміріне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2594-zha-syly-ty-e-asyl-lgisi-mir-syjlau.html#sigFreeId21b12e06dc








