Бүгін Жамбыл облыстық қан орталығына Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Басқарма төрағасының орынбасары, отандық дәрігер - педиатр, қоғамдық денсаулық сақтау саласының сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы Шолпан Қаржаубаева жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Шолпан Естемесқызы орталықтың тыныс - тіршілігімен, құрылымдық бөлімшелердің жұмысымен танытып, ұжым мүшелерімен әңгімелесті.
Кездесу аясында Жамбыл облыстық қан орталығының жұмысына, өңірлік денсаулық сақтау саласының дамытуға ұжым мүшелерінің қосып жатқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне жоғары баға берілгенін айта кетуіміз керек.
Жұмыс сапары аймақтағы медицина ұйымы үшін үлкен рөл атқарады. Бұл қан қызметінің күнделікті үдерісін, мамандардың еңбегін, жауапкершілігін, кәсіпке адалдығын және қызмет сапасын арттыруғадеген ұмтылысын нақты көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Осы орайда біздің ұжымға назар аударғаны, қолдау көрсеткені, ерекше ілтипаты мен жылы сөздері үшін Шолпан Естемесқызына зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2577-zhambyl-oblysty-an-ortaly-yna-zh-mys-saparymen-meditsina-ylymdaryny-doktory-sholpan-arzhaubaeva-keldi.html#sigFreeIdacadaa7e11








