03.07.2026
00:23

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
03 Шілде 2026
2

Еңбек еленген күн

Ел игілігіне бағытталған еселі еңбек ешқашан да елеусіз қалмайды. Жамбыл облыстық қан орталығында да өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз атқарып, халыққа қалтқысыз қызмет көрсету арқылы құрметке бөленіп жүрген жандар жетерлік. Білімі мен біліктілігін ұштастырып, кәсібиліктің үлгісін көрсете білген бір топ әріптестеріміз жуырда өткен медицина қызметкерлерінің төл мерекесінде тиісті марапаттарға ие болды.
Мерейі үстем болған мамандардың қатарында Ақмарал Бөлтірікқызы Ілясова медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарованың Құрмет грамотасымен марапатталғанын айрықша атап өткеніміз жөн.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясының бағдарламалық мақсат-міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі мен тұрғындардың денсаулығын сақтау жолында атқарған еселі еңбегі үшін және Халықаралық мейірбикелер күніне орай Айгерим Руслановна Искакова «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың Құрмет грамотасына ие болды.
Осы орайда орталық директоры Гулам Умаров қос бірдей әріптесімізге марапаттарын арнайы табыстап, ізгі тілегін арнады.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе