03.07.2026
00:32

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
03 Шілде 2026
2

ЕМДІК ГЕМОЭКСФУЗИЯ

Гемоэксфузия (қан алу, емдік флеботомия) – емдік мақсатта ағзадан белгілі бір мөлшерде қан алу әдісі.
Қазіргі дәлелді медицинада гемоэксфузия жүргізудің негізгі көрсеткіштері – қан көрсеткіштерін қалыпқа келтіру, атап айтқанда эритроциттер, гемоглобин, гематокрит, темір деңгейі және басқа да зертханалық көрсеткіштердің жоғарылауын төмендету болып табылады. Сонымен қатар, гемоэксфузия адам ағзасындағы микроциркуляцияны жақсартып, зат алмасу үдерістерін қалыпқа келтіруге ықпал етеді.
Клиникалық көрсеткіштер бойынша гемоэксфузия келесі ауруларды емдеуде тиімді қолданылады: екіншілік эритроцитоз (қанда эритроциттер санының жеке жоғарылауы), гемосидероз (темір алмасуының бұзылысы), гемохроматоз (темір алмасуының бұзылуы нәтижесінде оның тіндер мен ағзаларда шамадан тыс жиналуы), полицитемия (қанның формалық элементтері – эритроциттер, тромбоциттер және лейкоциттер санының патологиялық артуы) және басқа да аурулар.
Бұл емшараны жүргізуге қарсы көрсетілімдерге әртүрлі шығу текті анемиялар, артериялық гипотензия, бауыр циррозы, шеткергі көктамырлардың флебиті, ауыр жүрек-қантамыр аурулары және әртүрлі психикалық аурулар жатады. Сондай-ақ бұл емдеу әдісі етеккір кезеңінде немесе жүктілік кезінде әйелдерге ұсынылмайды.
Әрбір пациент үшін емдеуші дәрігер диагнозын, жасын, жеке ерекшеліктерін және зертханалық көрсеткіштерін ескере отырып, емшаралардың саны мен өткізу жиілігін жеке анықтайды. Процедура арнайы дайындықты қажет етпейді және шамамен 10–15 минутқа созылады.
Емшара барысында және одан кейін пациенттің жағдайын трансфузиолог дәрігер тұрақты бақылауда ұстайды. Ол пациенттің жалпы жағдайын қадағалап, процедураның барлық техникалық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Гемоэксфузия кезінде тек стерильді бір реттік медициналық шығыс материалдары қолданылады, бұл пациенттің инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупін толық болдырмайды. Емшара аяқталғаннан кейін ықтимал гемодинамикалық бұзылыстардың алдын алу мақсатында алынған қан көлемі физиологиялық ерітіндімен (0,9% натрий хлориді ерітіндісі) толықтырылады.
Қазіргі таңда ғылым мен технология қарқынды дамып, емдеу әдістері үздіксіз жетілдірілуде. Дегенмен, бұл гемоэксфузияның емдік тиімділігі төмендеді дегенді білдірмейді. Бұл әдістің негізгі артықшылықтары – уытты әсерінің болмауы, қарсы көрсетілімдерінің аз болуы және қолданудың қарапайымдылығы.
Гемоэксфузия курсы темір алмасуының көрсеткіштерін тиімді қалыпқа келтіруге және ауыр асқынулардың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе