Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар
Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар – қан түзуші жүйенің негізгі жасушалары. Олар өздігінен көбейіп, қанның барлық жасушаларына: эритроциттерге, лейкоциттерге, тромбоциттерге айнала алады. Бұл жасушалар сүйек кемігінде, кіндік қанында кездеседі. Гемопоэтикалық бағаналы жасушаларды медицинада қан ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады.
Гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың негізгі ерекшеліктері:
Өзін-өзі жаңарту қабілеті
Әртүрлі қан жасушаларына дифференцияциялану мүмкіндігі
Қан түзу процесін өмір бойы қамтамасыз етуі
Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар:
Сүйек кемігінде (негізгі көзі)
Шеткі қанда
Кіндік қанында болады
Сүйек кемігі – адамның сүйектерінің ішкі қуысында орналасқан жұмсақ ұлпа. Ол қан жасушаларын өндіретін негізгі мүше болып табылады.
Сүйек кемігінде үш негізгі қан жасушасы түзіледі:
• Эритроциттер – ағзаға оттегін тасымалдайды.
• Лейкоциттер – иммундық қорғанысты қамтамасыз етеді.
• Тромбоциттер – қанның ұюына қатысады.
Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар келесі ауруларды емдеуде пайдаланылады:
• Лейкоз (ақ қан ауруы)
• Апластикалық анемия
• Лимфома
• Миелома
• Кейбір тұқым қуалайтын иммундық және қан аурулары
Кейбір ауыр қан ауруларын емдеу үшін науқасқа сау адамның сүйек кемігі немесе оның дің жасушалары трансплантацияланады. Донорлық көптеген жағдайда науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Сүйек кемігі – қан жасушаларын түзетін маңызды мүше. Ол ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуіне, иммундық қорғанысына және қанның ұюына жауап береді. Сүйек кемігінің қалыпты қызметі адам денсаулығы үшін өте маңызды, ал оның аурулары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан сүйек кемігінің қызметін сақтау, ауруларын дер кезінде анықтау және қажет болған жағдайда донорлық пен трансплантацияны қолдану көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сүйек кемігі донорлығы – адам өміріне үміт сыйлайтын маңызды әрі ізгі қадам.
Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар қазіргі медицинаның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Олар көптеген ауыр гематологиялық ауруларды емдеуде жоғары тиімділік көрсетеді. Заманауи трансплантологияның дамуы нәтижесінде көптеген науқастардың өмір сапасы мен өмір сүру ұзақтығы жақсаруда.
Тек 2025 жылдың өзінде Жамбыл облыстық қан орталығымен гемопоэтикалық дің жасушаларының 85 үлгісі Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығына жіберілді. Жамбыл облыстық қан орталығы медициналық ұйымдарда гемопоэтикалық дің жасушалары мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ еріктілерді гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының тізіміне тіркеуді жүзеге асырады.
03 Шілде 2026
4









