Дәрілермен тегін қамтамасыз ету шарттары
Қазақстан Республикасында дәрілік заттар ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі аясында тегін беріледі.
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге не кіреді?
- Созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілер;
- Медициналық бұйымдар;
- Күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда ем алу кезінде қажетті дәрілік заттар;
- Емханада амбулаториялық деңгейде берілетін дәрі-дәрмектер.
Стационарда ем қабылдау кезінде пациент дәрілерді өз қаражатына сатып алмауы тиіс. Емге қажетті дәрілер мен медициналық бұйымдардың құны медициналық қызмет тарифіне енгізілген.
Тегін дәріні қалай алуға болады?
1 Тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркеліңіз.
2 Диспансерлік есепке тұрып, учаскелік дәрігердің немесе бейінді маманның бақылауында болыңыз.
3 Егер ауруыңыз тегін қамтамасыз ету тізіміне енгізілген болса, тегін рецепт алыңыз.
4 Жеке куәлігіңізді және рецептіңізді көрсетіп, медициналық ұйым жанындағы дәріханадан дәріні алыңыз.
Егер тағайындалған дәрілер дәріханада болмаса:
- «СК-Фармация» байланыс орталығы — 1439
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры — 1414
- Qoldau 24/7 қосымшасы
- Telegram-бот: @SaqtandyryBot
- Сайт: msqory.kz
Өз құқықтарыңызды біліңіз және денсаулығыңызды қорғаңыз!









