30.06.2026
22:33

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
30 Маусым 2026
2

«Қанның негізгі функциялары»

Жамбыл облыстық радиосында «Қанның негізгі функциялары» тақырыбында тағылымды сұхбат өтті.

Сұрақтарға Жамбыл облыстық қан орталығының Медициналық зертханасының аға-зертханашысы Куанышбекова Күлшат Коңырбайқызы жауап беріп, қанның адам ағзасы үшін маңызы мен донорлықтың пайдасын түсіндірді.

Қанның адам ағзасындағы негізгі қызметтері

Қан — бұл өмірдің өзі. Ол ағзада бірнеше өмірлік маңызды функцияларды атқарады:

Тасымалдау және қоректендіру қызметі: Қан өкпеден оттегіні алып, денедегі әрбір жасушаға жеткізеді, ал көмірқышқыл газын кері тасиды. Сондай-ақ, ішекте қорытылған дәрумендерді, глюкоза мен аминқышқылдарын мүшелерге таратып, жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді.

Қорғаныс және иммундық қызметі: Қан құрамындағы лейкоциттер — ағзаның ішкі әскері секілді вирус пен бактерияларды жояды. Ал жарақат алған жағдайда тромбоциттер бірден іске кірісіп, қанды ұйыту арқылы қан кетуді тоқтатады.

Жылуды реттеу қызметі: Қан ішкі мүшелердегі жылуды теріге таратады. Осылайша, күз бен қыс мезгілдерінде де дене температурасын тұрақты 36,6°C деңгейінде ұстап тұрады.

Бөліп шығару қызметі: Жасушалардың тіршілік әрекетінен қалған зиянды қалдықтарды қан бүйрек пен бауырға жеткізеді. Ол жерде қан сүзіліп, зиянд заттар сырттқа шығарылады.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе