Жамбыл облыстық қан орталығында қай кезде де қарбалас жұмыс. Аймақтағы емдеу-алдын алу мекемелерін қан және оның компоненттерімен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру шараларымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүйелі жүргізіледі. Осындай оңды істердің нәтижесінде донорлар қатарының көбейіп жатқандығы бізді қуантады. Мысалы, күні кеше «КДЛ ОЛИМП Орда» ЖШС Жамбыл филиалының ұжымы мекемемізге арнайы келіп, қан тапсырды.
«КДЛ ОЛИМП Орда» ЖШС -отандық кәсіпкерлік саласындағы іргелі компаниялардың бірі. Серіктестік бүгінде жұмыс ауқымын кеңейтіп, еліміз бойынша жемісті қызмет көрсетіп келеді. Осындай қауырт жұмыстарға қарамастан шынайы ықыласпен ат басын бұрып, донор болу арқылы мұқтаж жандарға қол ұшын созуға келген ұжым мүшелеріне біз зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2541-zhambyl-oblysty-an-ortaly-ynda-aj-kezde-de-arbalas-zh-mys.html#sigFreeIdf5b6eaf0ba








