10.06.2026
21:29

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
10 Маусым 2026
2

Донор болу – өмір сыйлау!

Құтқарушылардың қызметі қай кезде де қарбаласқа толы. Өмір болған әртүрлі жағдайлардың орын алатындығы заңдылық. Сондай сәттерде төтенше жағдай саласының мамандары оқиға орнына жедел жетіп, дереу іске кіріседі. Мұндағы ең басты мақсат – қауіп-қатерге жол бермеу, қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу. Бұл әрі қызметтік міндет болса, әрі азаматтық жауапкершілік.
Міне, осындай ұстанымды өмірлік бағдарға айналдырған Жамбыл облысы ТЖД азаматтық қорғау қызметкерлері бүгін қан орталығына келіп, ерікті түрде өтеусіз донорлыққа өзіндік үлестерін қосты. ️
Айта кету керек, бұл бірінші рет емес. Құтқарушылар әрдайым тұрақты донорлардың қатарынан табылып келеді.
Осы орайда қым-қуыт жұмыстың арасында уақыт тауып, кезекті рет жақсылық жасауға келген сала мамандарына зор алғысымызды білдіреміз.
Донор болу – өмір сыйлау!

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе