Жамбыл облыстық қан орталығы «AMANAT» партиясының аумақтық филиалдарымен, өңірлердегі мекеме-кәсіпорындармен бірлесіп «Донор күні» акциясын тұрақты түрде өткізіп келеді.
Қалыптасқан үрдіс бойынша осындай оңды бастама бүгін Байзақ аудандық ауруханасында жалғасын тапты.
Алдын ала хабарландыру арқылы құлағдар болған тұрғындар жақсылық жасау жолында аянып қалмай, лек-легімен қан тапсырды. ️ Өзгенің өміріне бей-жай қарамай, қолынан келгенше қолдау көрсетуге тырысатын азаматтарды нағыз жанашыр жандар деп атауға әбден болады. Түптеп келгенде бұл патриоттықтың белгісі екендігі даусыз.
Осы орайда акцияның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан «AMANAT» партиясының Байзақ аудандық филиалының төрағасы Индира Әбілханқызы Спаналиеваға, Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жандос Ордабайұлы Рысқұловқа және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз!
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2514-zhambyl-oblysty-an-ortaly-y-amanat-partiyasyny-auma-ty-filialdarymen.html#sigFreeId87c6dfb3a3








