Хилез дегеніміз не және қан неге жарамсыз болуы мүмкін
Хилез — бұл қан немесе плазманың құрамында липидтердің (майлардың) көп болуына байланысты сүттей ақ түске енуі . Әдетте бұл қанда триглицеридтердің , кейде хиломикрондардың (лимфа арқылы тасымалданатын май бөлшектері) жоғарылауымен байланысты .
Неліктен мұндай қан құюға жарамсыз ️
1. Бұлыңғыр қан визуалды бақылауды қиындатады
Қанның ұюын , тромбоциттердің және басқа компоненттердің жағдайын дұрыс бағалау мүмкін болмайды .
2.Қан тамырларының бітелу қаупі бар ️
Май бөлшектері (хиломикрондар) реципиенттің ұсақ қан тамырларын бітеп қалуы мүмкін . Бұл әсіресе жүрек-қантамыр аурулары бар адамдар үшін қауіпті.
3. Зертханалық талдаулардың дәлдігі төмендейді
Инфекциялық агенттерді анықтау немесе қанның сәйкестігін тексеру липидтердің көп болуына байланысты сенімсіз болуы мүмкін.
4.Хилез кейде аурудың белгісі болуы мүмкін
Кей жағдайларда хилез Гипертриглицеридемия сияқты зат алмасу бұзылыстарын көрсетеді . Мұндай жағдайда қанды құю қауіпті болуы мүмкін.









