Қан - өмірдің қайнар көзі. Ал мұқтаж жандар үшін қан тапсыру - адам өмірін сақтап қалудың ең қарапайым, бірақ ең маңызды жолдарының бірі.
Осы орайда бүгін Жамбыл облыстық ауруханасының ұжымы адам өміріне араша болатын ізгі іске атсалысып, қан тапсыру акциясына бір кісідей жұмыла қатысты.
Сала мамандары өздерінің күнделікті жұмысында да тұрғындардың денсаулығын нығайтумен шектелмей, ерікті түрде қан тапсырып, тағы бір мәрте жанашырлық пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Бұл бастама - жүректен жүрекке жол тартқан мейірімділік пен үміттің белгісі. Осы арқылы патриоттық пен парасаттылықты іспен дәлелдеп, көпке өнеге көрсете білді.
Біз осы орайда сауапты іске ұйытқы болған ақ желеңді абзал жандарға, аталмыш іс-шараны ұйымдастырған Бағлан Маратқызына, Бану Бақтыбекқызына және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.
26 Мамыр 2026
9









