Химия өнеркәсібінің көшбасшысы – «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты минералды тыңайтқыштар зауытында нағыз өз ісінің майталман мамандары, адал еңбек адамдары жұмыс істейді.
Қай кезде де қарбалас тірліктің бел ортасынан табылатын ұжым мүшелері қайырымдылық шараларынан да қалыс қалған емес. Әсіресе, серіктестік жұмысшыларының қан тапсыру акциясына белсенділікпен атсалысатынын ерекше атап өткеніміз жөн. 🩸 Игі дәстүр бүгін де жарасымды жалғасын тапты.
Қан орталығының жылжымалы бригадасы алып өндіріс ошағында болып, ортақ мақсат жолындағы оң бастамаға жол ашты.
Ерікті донорлар еңбек процесіне кедергі келтірмейтіндей кестемен кезек-кезек қан тапсырып, сауапты істің ұйытқысы бола білді. Мұндайда дана халқымыз «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі» деп тектен тек айтпаса керек.
Осы орайда парасаттылық пен патриоттықтың парқын ұқтырып, жанашырлықтың жалауын желбіреткен зауыт басшылығы мен ұжымға зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2484-azfosfat.html#sigFreeId6a1f9ffc34








