Бүгін Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясына қатысты.
Погон таққан жандар үшін «Отанды қорғау» ұғымы тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар қиын сәтте әрбір азаматқа көмекке келуге дайын болу дегенді білдіреді. Донорлық — бұл адам өмірін сақтап қалатын үнсіз ерлік.
Департамент қызметкерлеріне көрсеткен белсенділігі, жанашырлығы және азаматтық ұстанымы үшін терең алғысымызды білдіреміз. Сіздер тапсырған қан — көптеген жандар үшін сауығып кетудің мүмкіндігі!
27 Сәуір 2026
19









