24.04.2026
13:46

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
20 Сәуір 2026
6

Клиникалық трансфузиологияны дамыту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда

Бүгін Жамбыл облыстық қан орталығының мамандары облыстық көпбейінді ауруханасында донорлық қан мен оның компоненттерін клиникалық қолдануды бағалау мақсатында кезекті мониторинг жүргізді.

Ондағы негізгі мақсат — трансфузиялық терапия практикасын және пациенттерге қан құю кезінде қолданылатын стандарттар мен хаттамалардың сақталуын талдау.

Медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыс аясында Жамбыл облыстық қан орталығы өңірдегі медицина ұйымдарында клиникалық трансфузиологияны дамыту мақсатында үнемі ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар өткізіп отырады.

Мұндай сапарлар қан құю қауіпсіздігі мен сапасын жақсартуға, сондай-ақ өңірдегі медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Жұмыс Жамбыл облысы денсаулық сақтау мекемелерінде донорлық қанды тиімді және ұтымды пайдалану жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тәсіл аясында жалғасуда.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе