Дана халқымызда “Бір кісі мың кісіге олжа салар” деген сөз бар. Белгілі кәсіпкер, меценат, “АрайСтройМаркет” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Арман Еділбаев та іскер азамат ретінде талай жанға қол ұшын созып жүрген жандардың қатарында. Халық қалаулысы қарбалас жұмысына қарамастан уақыт тауып, қан тапсыруды да дәстүрге айналдырған. Бүгін депутат кезекті рет қан орталығына келіп, ерікті донорлардың ортасынан табылды. Бұл әрине, көпке үлгі болатын іс екені сөзсіз. Осы орайда тұрақты түрде донор болып келе жатқан жанашыр тұлға Арман Захарыпұлына зор алғысымызды білдіреміз.









