Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты, қоғам қайраткері Еділбаев Әділхан Райханұлына алғыс білдіреміз!
Қан тапсыру акциясына қатысып, игі іске өз үлесін қосты. Қан тапсыру – біреудің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін ең ізгі әрі маңызды қадамдардың бірі.
Осындай жауапкершілігі жоғары азаматтардың үлгісі қоғамдағы қайырымдылық мәдениетін арттырып, өзгелерді де игі іске үндейді.
Қан тапсыру арқылы өмір сыйлаған әрбір азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!









