Бүгінде «Джип-клуб Trophy» клубы туралы білмейтіндер кемде-кем. Автоәуесқойлар жол талғамайтын көліктермен талай шақырымдарды бағындырып, танымдық іс-шаралардың ұйытқысы болып жүр. Тағы бір айта кетерлігі, клубтың негізін қалаушы Эркен Курбанов бастаған жүргізушілер тұрақты түрде қан тапсырып, өтеусіз донорлықтың дамуына да өзіндік үлестерін қосып келеді.
Бүгін «Джип-клуб Trophy» клубының мүшелері кезекті рет «Донор бол-өмір сыйла!» акциясына атсалысып, патриоттық пен парасаттылықтың үйлесімін аңғартты. Бұл әрине, көпке үлгі болатын қадам. Осы орайда қай кезде де қайырымдылық жасауды қасиетті парыз санайтын Эркен Абдужалиловичке және барша клуб мүшелеріне зор алғысымызды білдіреміз.









