7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
Денсаулық - адам өміріндегі ең басты құндылық.
Салауатты өмір салтын ұстану, дене белсенділігін арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау - әр адамның маңызды міндеті.
Жамбыл облыстық қан орталығында қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға және ұжымдық бірлікті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді
Күнделікті қозғалыс пен белсенділік - тек денені шынықтырып қана қоймай, жаңа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жұмысқа деген ынта мен жігерді арттырады
Дені сау адам - қоғамның басты байлығы!
Баршаңызды Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтаймыз!
Өмірлеріңізге мықты денсаулық, сергектік және мол қуат тілейміз
Жамбыл облыстық қан орталығы









