Жуалы ауданындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «91678 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып келе жатқан маңызды әскери құрылымдардың бірі
Әскери бөлім тек Отан алдындағы міндетін мінсіз орындап қана қоймай, қоғамдағы ізгі бастамаларға да белсене қолдау білдіріп келеді. Соның бір дәлелі – Жамбыл облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы аталған мекемеге арнайы барып, донорлық акция ұйымдастыруы болды.
Әскери бөлімнің азаматтары бұл бастамаға ерекше жауапкершілікпен қарап, қан тапсыру арқылы адам өміріне араша болар сауапты іске өз үлестерін қосты.
Қай кезде де тәртіп пен табандылықты ту еткен сарбаздар мен қызметкерлер бұл жолы да ұйымшылдықтың, жанашырлықтың және азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсете білді.
Осындай игі іске қолдау білдіріп, донорлық қозғалыстың дамуына үлес қосқан әскери бөлім басшысы, подполковник Есалы Бауыржан Тәжихановичке, сондай-ақ іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысқан жауапты қызметкер Жетпісбаева Динара Маратовнаға шынайы ризашылығымызды білдіреміз .
Сіздердің адам өмірін сақтауға бағытталған бұл жанашырлық қадамдарыңыз – көпке үлгі болатын өнегелі іс.
Сауапты іске қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2443-zhualy-audanynda-y-aza-stan-respublikasy-or-anys-ministrligini-91678-skeri-b-limi.html#sigFreeId36227824b2








