Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылдың 11-13 наурызы аралығында аккредиттеу мамандарының сараптамалық тобы Жамбыл облыстық қан орталығында СТ РК 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» стандартының талаптарына сәйкестігін алғашқы жоспарлы бағалауды бастады.
Топ жетекшісі - Алматы қаласының Ұлттық аккредиттеу орталығының бағалаушысы және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторы Жаннель Гарипқызы Нұрмұхамбедова. Топтың құрамына «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің дәрігері М.А. Кулатаева және «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ жылу-техникалық өлшеу құралдарын тексеру/калибрлеу секторының меңгерушісі А.М. Әмзеқұлов кірді. Бірінші жоспарлы тексерудің негізгі мақсаты - облыстық қан орталығының медициналық зертханасының ҚР СТ 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Сапа және құзыреттілік талаптары» стандартында көзделген медициналық зертханаларға қойылатын белгіленген сапа және құзыреттілік талаптарына сәйкестігін бағалау. Тексеру барысында сарапшылар сапа менеджменті жүйесін, зертханалық процесті ұйымдастыруды, құжаттаманы және персоналдың құзыреттілік талаптарына сәйкестігін жан-жақты бағалайды. Жоспарлы бағалауды жүргізу - зертханалық сынақтарда жоғары сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған аймақтық қан орталығының жұмысын дамыту мен жетілдірудегі маңызды қадам.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2428-s-jkestikti-ba-alau-salasynda-y-akkreditteu-turaly.html#sigFreeId53653e2d7a








