15.03.2026
11:15

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
11 Наурыз 2026
16

Байзақ ауданының Орталық аудандық ауруханасында

Байзақ ауданының Орталық аудандық ауруханасында Жамбыл облыстық қан орталығы қан дайындау бөлімінің меңгерушісі Досжанова Салтанат Мейрхановна 2007 жылы туған, Гийен–Барре синдромы диагнозы қойылған қыз балаға плазмаферез процедурасын жүргізді.
Гийен–Барре синдромы - сирек кездесетін аутоиммунды ауру.
Бұл дерт кезінде иммундық жүйе шеткі жүйкелерді зақымдайды. Ауру аяқ-қолдың әлсіреуімен, ұюымен сипатталып, бірнеше күн немесе апта ішінде үдеуі мүмкін.
Ауыр жағдайларда тыныс алу бұлшықеттерінің зақымдану қаупі бар, сондықтан емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.

Емдеу барысында пациентке жалпы 5 рет плазмаферез сеансы жасалды.
Үшінші сеанстан кейін оң динамика байқалып, қыз бала өздігінен жүріп-тұра бастады.
Уақытылы көрсетілген медициналық көмек пен заманауи емдеу әдістерін қолдану аталған диагнозбен науқастардың сауығуында маңызды рөл атқарады.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе