15.03.2026
11:15

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
03 Наурыз 2026
41

Облыстық көпбейінді аурухана ұжымы донорлық акцияға белсенді қатысты

Тұрғындардың денсаулығын жақсарту бағытында ақ халатты абзал жандарға артылған жауапкершілік жүгі жеңіл емес.  Медицина мамандары бұл тұрғыда бекітілген міндетті мінсіз атқаруға бар күш-жігерін салуда.  Дәрігерлер қауымының негізгі жұмыстан бөлек тұрақты түрде донор болуы да адамдарға көмектесуден туған ізгі ниет.  Дертке шалдығып, дауа іздеген жандарға қайткен күнде де қол ұшын созу керек. Осы орайда облыстық көпбейінді аурухананың ұжымы біркісідей ұйымшылдық танытып, қан тапсыруға келді.  Сала қызметкерлері осылайша көпшілікке үлгі-өнеге көрсете білді. Донор болу-жақсы амалдардың бірі. Өйткені, біз қан тапсыра отырып, қаншама мұқтаж жанның өмірін арашалап қалуға үлес қосамыз.  Жабыққан жандардың жанына жалау болып, ертеңге деген үмітін оятамыз.  Міне, осындай игі іске ұйытқы болып, өтеусіз донорлықтың дамуына септігін тигізген аурухананың бас дәрігері Марат Сейітбекұлы Жұманқұловқа және барша донор әріптестерімізге зор алғысымызды білдіреміз.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе