19.04.2026
07:36

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
03 Наурыз 2026
321

Jambyl радиосында ТМККК мен МӘМС аясындағы медициналық қызметтер түсіндірілді

Облыстық «Jambyl» радиосында қан дайындау бөлімшесінің меңгерушісі Досжанова С.М.-мен сұхбат өтті. Тақырыбы: «ТМККК және МӘМС аясында қандай медициналық қызметтерді алуға болады» Сұхбат барысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің негізгі айырмашылықтары түсіндірілді. Қазақстан Республикасының азаматтары сақтандыру мәртебесіне қарамастан ТМККК аясында базалық медициналық қызметтерді алуға құқылы екені, ал МӘМС жүйесіне қатысу мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейтетіні атап өтілді. Сондай-ақ МӘМС жүйесі бейінді мамандардың консультацияларына, диагностикалық зерттеулерге, жоспарлы госпитализацияға және ем алуға мүмкіндік беріп, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыратыны айтылды. Сұхбат барысында МӘМС жүйесіне жарналарын мемлекет төлейтін жеңілдік санатындағы азаматтар топтары, медициналық қызметтерді алу тәртібі және сақтандырылған мәртебенің өзектілігінің маңыздылығы талқыланды. Денсаулыққа қамқорлық – ақпараттанудан басталады. Әрбір азамат ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек алу құқықтарын білуі тиіс.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе