Ол – сүйіспеншілік пен сыйластықтың, жауапкершілік пен қамқорлықтың бастауы.
Бұл тұрғыда «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөз де тектен тек айтылмаған.
Себебі әр адамның мінезі, дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы ең алдымен отбасында қалыптасады.
Бүгін Жамбыл облыстық қан орталығында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Отбасы сағаты» іс-шарасы өтті.
Бұл облыстық ата-аналар комитеті төрағасының ұсынысына сәйкес қолға алынған бастама болатын.
Ұтымды ұсынысты әріптестер қауымы бір ауыздан қолдады.
Себебі отбасы мәселесі -өзекті әрі өміршең тақырып.
Басқосуда неке жауапкершілігі, жанұядағы жылулық, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі жайында мазмұнды баяндама жасалып, қатысушылар өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2414-otbasy-adam-mirindegi-e-asterli-ymdardy-biri.html#sigFreeId928defb6ca








