19.03.2026
03:35

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
03 Наурыз 2026
517

Жамбыл облыстық қан орталығы: жоғары технологиялық қызмет пен сенімді қамтамасыз ету

Бүгін БАҚ өкілдері Жамбыл облыстық қан орталығына барып, өңірдегі трансфузиялық қызметтің заманауи мүмкіндіктерімен танысты. Орталық 2010 жылы пайдалануға беріліп, бүгінде өңірдің барлық емдеу мекемелерін қан компоненттерімен толық қамтамасыз ететін негізгі ұйымға айналды.

Заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған орталық қан компоненттерін дайындау, өңдеу, сапасын бақылау, сақтау және жеткізу бойынша толыққанды қызмет көрсетеді.

Мұнда материалдық-техникалық базаны жаңарту мақсатында 2025 жылы жалпы сомасы 51 млн теңгені құрайтын 2 бірлік медициналық жабдық сатып алынған. Сонымен қатар, Жапония Елшілігінің «Шөп тамыры» жобасы аясында 30 309 155 теңге сомасына 5 бірлік заманауи құрал-жабдық алынды. Бұл жаңартулар - орталыққа өңірдің барлық емдеу мекемелерін сапалы және толыққанды қан компоненттерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қан орталығының жобалық қуаттылығы жылына 15 мың литрге дейін қан компоненттерін дайындауға бағытталған. 2025 жылы орталыққа облыстың 14 939 тұрғыны жүгінді. Барлығы 11 261 доза қан компоненті дайындалып, емдеу-алдын алу мекемелеріне 18 317 доза жеткізілді, оның ішінде 17 629 доза нақты науқастарға құйылды. Бұл 4 000-нан астам пациентке қажетті трансфузиялық терапияны уақытында жүргізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, орталық Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына гемопоэтикалық дің жасушаларының әлеуетті донорлығы үшін 90 қан үлгісін жолдады.

Жамбыл облыстық қан орталығы ISO 15189:2023 халықаралық стандарттарына сәйкес аккредиттелген. Бұл орталық қызметінің сапасы мен қауіпсіздігінің халықаралық деңгейде қамтамасыз етілгенін растайды. Мекеме жұмысын бас дәрігер Гулам Умаров таныстырып, әрбір жабдықтың тиісті міндетін түсіндіріп, олардың жұмыс істеу сапасын түсіндірді. Басшының айтуынша, орталықта өңір тұрғындарын қан компонеттерімен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

БАҚ өкілдері мұндағы заманауи құрал-жабдықтарды және қан компоненттерін дайындау мен жеткізудің барлық кезеңдерін көріп, өңірдегі трансфузиялық қызметтің сенімділігі мен маңыздылығына көз жеткізді.

Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе