Қазіргі трансфузиологияда донор қаны толық күйінде емес, жеке компоненттерге бөлініп қолданылады. Бұл әдіс емнің тиімділігін арттырып, асқынуларды азайтады.
- Бүтін қанды алу әдісі
Донордан 450+50 мл қан арнайы антикоагулянты бар (CPDA-1) контейнерге алынады.
Кейін қан центрифугалау арқылы компоненттерге бөлінеді:
- Эритроциттік масса
- Плазма
- Лейкоциттік-тромбоциттік қабат,ары қарай өңдеу барысында лейкомасса және тромбоконцентрат алуға болады.
Центрифугалау кезінде қанның құрамдас бөліктері тығыздығына қарай қабаттарға бөлінеді.
Бұл әдіс ең кең таралған және әмбебап болып табылады.
- Аферез әдісі мен қан компоненттерін дайындау, арнайы аппарат арқылы жүргізіледі және ол арқылы қажетті компонент селективті түрде алынады, қалған қан бөліктері донорға қайта құйылады.
Түрлері:
- Тромбоцитаферез – іріктеп тромбоциттер алу
- Плазмаферез – іріктеп плазма алу
- Эритроцитаферез – іріктеп эритроциттер алу
Артықшылығы – бір донордан жоғары сапалы, толық терапевтикалық доза алуға болады.
- Лейкоредукция-қан компоненттерінің трансфузиясы кезіндегі фебрильді гемолитикалық емес реакциялардың және иммундық асқынулардың алу мақсатында жүргізіледі.Бұл ретте арнайы лейкофильтрлер қолданылады.
Мақсаты – фебрильді реакциялар мен иммундық асқынулардың алдын алу.
- Криоконсервация-компоненттерді ұзақ уақыт сақтау мақсатында жүргізіледі.
- Плазма −30°C және төмен температурада 3-жылға дейін сақталынады.
- Эритроциттерге глицеринді қосып мұздату арқылы,оларды 5-жылдан 10-жылға дейін сақтауға мүмкіндік береді.
Қан компоненттерін жеке дайындау – қауіпсіз трансфузиялық терапияның негізі. Әдіс таңдау клиникалық көрсеткішке байланысты жүргізіледі.









